Спорт • 02 Шілде, 2024

Үш квота бөлді

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Пар­а­лим­пиада коми­теті елі­міздің пара жеңіл атлет­теріне төрт жыл­дық додасына қатысуға қосымша үш квота бөлді.

Үш квота бөлді

Квотаның бірі былтыр өт­кен әлем чемпио­натында пара жеңіл атлетикадан қола медаль олжалаған Дастан Мұқашбековке бұйырды. Екі жолдама ұлттық құрамадағы әйел және ер адамға беріледі.

«Жаттықтырушылар штабы мен Дене мүм­кіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлық орталығы қызметкерлерінің ше­шімімен қалған екі квота кімге беріле­тіндігі нақтыланады. Таңдау кезінде спортшылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші, олардың соңғы жетістіктері мен қазіргі дайындығы ескерілетін болады», деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт­тық даярлық орталығына қарасты команда жетекшісі Мәу­лен Нәсіпқали.

Бүгінге дейін Қазақстанның спортшылары Париж жазғы Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 16 лицензия иеленді. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг – 1, пара жеңіл атле­тика – 3, пара жүзу – 4, во­лей­болды отырып ойнау –1, пара үстел теннисі –1, пара таеквондо – 3, пара каноэ –2, пара оқ атудан 1 жолдама бар.

28 тамыз мен 8 қыркүйек ара­лығында өтетін аламанда қаты­су­шылар 23 спорт түрінен 549 ме­даль жиынтығы үшін додаға түседі.