Аймақтар • 03 Шілде, 2024

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайындылар табылды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шамамен 40 жастағы бауырлардың бірі ақыл-есінен айырылса, екіншісі тілден қалған, деп жазады Egemen.kz.

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайындылар табылды

Almaty.tv мәлімдегендей, ағайындылардың үлкені аздап сөйлей алады. Ал мылқау інісі еңкейген күйде отыра береді екен. Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде,-дейді еріктілер.

Екі азамат асты табылса ғана жейді, болмаса шикі өнімдермен жүрек жалғайды екен. «Маугли» аталып кеткен екі азаматқа бұған дейін анасы күтім жасапты.

Алайда ол 3 күн бұрын ауруханаға түсіп, ағайындылар қараусыз қалған. Аталған жағдайды көзбен көрген жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болды. Олар алдымен екеуінің құжатын түгендемек.

«Анасы емханадан шыққан соң, оған қамқоршылыққа тағайындауға құжатына көмек беріледі. Бала әрекет істеуге қабілеті жоқ деп танылса, жәрдемақы төлейміз»,-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.