Білім • 03 Шілде, 2024

ҰБТ рекорды жаңарды

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық бірыңғай тес­тілеу (ҰБТ) рекорды тағы жаңарды. Өткен аптаның соңында ауыл баласының топ жар­ғаны жөнінде жаз­ған­быз. Бүгін тағы бір та­лапкердің тес­ті­­леу­де барлық сұрақ­тан сү­рінбегенін сүйін­­ші­ле­мек­піз. Сүйін­шіге себепкер бол­ған кейіп­керіміз – Р.Қош­қарбаев атын­дағы №1 Қос­шы мектебінің оқу­шысы Айым Ержанова.

ҰБТ рекорды жаңарды

Озат оқушы көп­ба­лалы отбасынан шық­­қан. Айымның анасы Айгерім Манатқызы перзентінің мектепті «Алтын белгіге» бітір­генін, білімге ерекше құштар екенін айтты.

– Қосшы қаласында тұ­рамыз. 6 балам бар. Айым – тұң­­­ғышым. Ол әжесінің мен­­­шігінде. Мектепті «Алтын бел­­гімен» бітіріп, осы­ған қоса 100 мың теңге сыйақы алған болатын. Кіш­­кен­­тайынан өте алғыр, қажыр­лы, оқу­ға ынталы болды. Біз­де ­ата-­ана ретінде мүмкіндігі­мізше оған қолдау білдіріп келеміз, – деді анасы.

Ал Айымның өзі екі шет тілін таңдап отырғанын жет­кізді. Ол осы жетістікке қол жет­кізу үшін ұялы телефоннан алшақтап, кітапқа көбірек көңіл бөліпті.

– Білімге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітап­қа көңіл бөлдім. Уақытым­ды тиімді пайдалануға тырыс­тым. Ата-анамның үмітін ақ­тағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10-сынып­тан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәнде­рін таңдадым. Осы орайда ата-ана­ма және ұстаздары­ма алғыс ай­тамын. Алла қала­са, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық универси­теті­нен ­екі ­шет тілі маманды­ғын таң­­­дап ­отырмын, – деді А.Ержа­нова.

ҰБТ үздігі «Zerdeli» ақыл-ойды дамыту орталығында тес­тілеуге дайындалған екен. Осыған орай оған аталған ор­талық директоры Ырысбек Мәуітұлы 5 миллион теңге және iPhone 15 телефонын сый­ла­ды. Өткен аптада 140 балл алған Жаннұр Еңсебекті Ғылым ­және жоғары білім министрі Сая­сат Нұрбек құт­тықтап, бағалы­ ­техника сый­лап, ата-анасына алғыс біл­дір­ді. Сондай-ақ түлекті дайын­даған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.

– Жаннұрдың ҰБТ-да жо­ғары көрсеткіш көр­сетуі – ең­бек­қорлықтың, шы­дам­­ды­лық пен ынтаның нә­тижесі. Бұл ретте ата-ананың қол­дауы, қам­қорлығы мен ба­лаға де­­ген сенімін де айту керек. Сон­дай-ақ мұғалімдердің де кәсі­билігі мен жұмыстарына деген адалдығының жемісі. Бұл қуа­нышты сәт өмірдегі жаңа жетіс­тіктер мен жеңістердің бас­тамасы болсын! – деді министр С.Нұрбек.