Аймақтар • 03 Шілде, 2024

Ақмолада 200-ден астам қызметшінің құқығы қорғалды

75 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бөлігінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада 200-ден астам қызметшінің құқығы қорғалды

Фото:opennews.kz

Талданып отырған кезеңде департамент жүргізілген тексерулер мен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 44 мемлекеттік қызметшінің құқығын қорғап, қалпына келтірген. Олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарда профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша – 39 және 5 жоспардан тыс тексерулер мен азаматтардың өтініштері бойынша.

Мәселен, Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының бірінің дербес бөлімі басшысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысушының өтініші негізінде департамент тексеру жүргізген, оның барысында конкурстық іріктеу рәсімдерінің бұзылуы анықталып, конкурс қорытындылары жойылды. Ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, қызметші тәртіптік жаза қолдану туралы актіге шағымданды, жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша департамент анықталған бұзушылықтарды жою және заңсыз шығарылған актінің күшін жою туралы орындауға міндетті нұсқама енгізген.

Айта кетерлігі, департамент талдау жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөледі, оның қорытындысы бойынша қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру туралы шаралар қабылданып жатыр.

Биылғы жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша департаментпен 10-ға жуық талдау жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 64 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілген.

Мысалы, демалыс беру және қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау қорытындысы бойынша департаментпен қызметшілердің құқықтарын бұзу фактілері анықталған.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстар өтеледі. Бұдан басқа, қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес іссапарға кетер алдында іссапарға жіберілген қызметкерге жол ақысын төлеуге тиесілі сома, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар және тәуліктік сома беріледі.

Өз кезегінде, департамент жүргізген талдауда жалпы сомасы 243 700 теңгеге уақтылы төлемеудің 95 фактісі және іссапар шығыстарын төлемеудің 8 фактісі анықталды. Сондай-ақ заңның 54-бабы 1-тармағының мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын уақтылы төлемеу бойынша 33 бұзушылық анықталған.

Жүргізілген талдау қорытындысымен 48 қызметшінің құқығы қалпына келтірілген, атап айтқанда, департамент талаптарының негізінде қызметшілерге іссапар шығыстарының тиесілі сомалары және демалысқа жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам уақыт төлемегені үшін өсімпұл төленді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 10 заңсыз актінің күші жойылды. Бұл ретте заңның 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші оның пікірі бойынша негізсіз айыптар болған кезде қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, егер мемлекеттік қызметші жазбаша түсініктемесінде оған тағылған теріс қылықпен келіспеген жағдайда, мемлекеттік органдарды қызметтік тергеу тағайындауға міндеттейді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.

Жұмыс уақытының режимін сақтау мониторингі бойынша жүргізілетін жұмыстың қорытындысы бойынша 99 қызметшінің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді. Осылайша 17 мемлекеттік органға бару қорытындысы бойынша 7 акт жасалған, оның негізінде 18 қызметшіге демалыс сағаттары беріліп және 81 қызметшінің құқықтары есепке алуды бақылау жүйесінің мониторингі арқылы қалпына келтірілген.

Барлық қабылданған шаралар  еңбек бұзушылықтарының санын қысқартуға, сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.