Су спорты • 04 Шілде, 2024

Туризм жылының маңызына тоқталды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Медиакорпора­циясының бас ­директоры Шэнь Хайсюн бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Туризм жылының маңызына тоқталды

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асы­рылып жатқан әлеуметтік-экономи­калық, саяси және мәдени-гуманитар­лық реформалардың маз­мұны мен мән-маңызы туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет­тік кеңесші Қазақстанның Қытай­дағы туризм жылының маңыз­ына тоқталды. Осыған байланысты ол Туризм жылы аясында қолға алынған іс-ша­ралар туралы жан-жақты ақпарат таратқаны үшін Шэнь Хайсюнге ризашылық білдіріп, CCTV-4 және CGTN телеарналарындағы бірқатар жобаны атап өтті.

Шэнь Хайсюн қонақжайлық көр­сет­кені үшін алғыс айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарының жоғары дең­гейде ұйымдастырылғанына назар ­аударды.

Кездесу барысында тараптар көптеген мәселені талқылап, екі­жақты диалогті өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында жалғастыруға уағдаласты.