Медицина • 05 Шілде, 2024

18 жастан асқан азаматтарды оңалту ісі өзекті - депутат

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумова облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен облыстық мектеп-интернатқа барды, деп жазады Egemen.kz.

18 жастан асқан азаматтарды оңалту ісі өзекті - депутат

Фото: Мәжіліс

2023 жылдың 1 маусымынан бастап облыстық көпсалалы балалар ауруханасының заманауи жаңа ғимараты бой көтерді. Мекеме жаңа КТ және МРТ аппараттар, заманауи рентген және ультрадыбыстық құрылғылар, сондай-ақ жапондық күйікке қарсы төсектері бар озық медициналық жабдықтармен жабдықталған. Операция жасайтын бөлімдерде 4K деңгейіндегі бейне-эндоскопиялық кешендер, автономды желдеткіш және ең күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін НЕРА-фильтрлері бар ламинарлы төбелер де бар. 

«Қамқорлық» оңалту орталығының ашылуы  ең кішкентай науқастарды  қолдау үшін  маңызды қадам деуге болады. Бұл жерде балалар туғаннан үш жасқа дейін оңалту көмегін ала алады. Сондай-ақ 2023 жылдың қазан айында нейрохирургиялық және травматологиялық жаңа бөлімшелердің ашылуы елдің түкпір-түкпірінен келетін түрлі жарақаты бар балаларға қажетті көмекті кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін әріптестеріммен 18 жастан кейін оңалту мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарды талқыладық. Өйткені осы жасқа дейінгі балалардың жағдайын жасау бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. Алайда жүйе 18 жастан кейінгі жағдайды пысықтауды қажет етеді. Осы мәселені алдағы жұмысымызда ескереміз. Біз жастардың тұрмыс жағдайы мен өмір сапасын жақсартуға көмектесетін заңнамалық бастамаларды, басқа да мәселелелерді бірлесіп талқылауды жалғастырамыз», деді Динара Наумова.

жж

Сонымен қатар депутат Қарағанды облыстық мектеп-интернатында болып, облыс бойынша 160 баланы қамтитын мектеп кабинеттерінің жұмысымен танысты. Депутат мүгедек балаларға қызмет көрсету бағытында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті реттеу туралы интернат басшылығының ұсыныстарына назар аударды.

Қазіргі уақытта «Respublica» партиясы мектеп-интернат психологы үшін арнайы кабинет дайындап жатыр.