Қоғам • 24 Шілде, 2024

Шымкенттік полиция полковнигі туған анасын ұрғаны анықталды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Бұл оқиға отбасылық жанжал кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттік полиция полковнигі туған анасын ұрғаны анықталды

Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

- Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, – делінген полиция мәліметінде.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше