АТЫРАУ. 22 қаңтар. Атырау облысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдардың өзекті мәселелерін қамтыған деректі фильм түсірілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау облыстық прокуратурасынан хабарланғандай, былтыр діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, шетелдерде теологиялық білім алып келген атыраулық 17 тұрғынмен кездесуде оларға терроризмнің қоғамға, адамзатқа тигізер залалы және террористік әрекеттерді жасағаны, бұл қызметті қаржыландырғаны үшін Қылмыстық Кодексте көзделген жауапкершіліктер түсіндіріліп, алдын-ала ескерту берілді.
Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде діни әдебиеттерді сатудың 6 фактісі анықталып, прокуратура органдарымен 6 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалып, сотпен әкімшілік айыппұлдар салынды. Облыстық прокуратураның өтінішіне сәйкес сотпен 71 ақпараттық материал экстремистік деп танылып, ел аумағында таратылуына тыйым салынды.
Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы да қатаң бақылауға алынды. Облыс прокурорының төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында атқарылған жұмыстарға, алдағы уақытта атқарылуы тиіс және өзекті мәселелер бойынша шешім қабылданды. Облыстық прокуратураны4 араласуымен «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдардың өзекті мәселелері» туралы деректі фильм түсірілді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы.
Сурет: altaynews.kz.
• 22 Қаңтар, 2015
Атырауда діни экстремизм мен терроризмге қарсы деректі фильм түсірілді

Тоқаев Өзбекстан Президентімен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Президент • Бүгін, 13:06
Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 12:55
ҰҚК Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесін беру туралы ереже бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 12:44
Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ
Президент • Бүгін, 12:40
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ел тұрғындарының 41 пайызы отбасыны ұрпақ жалғастырумен байланыстырады
Отбасы • Бүгін, 12:27
Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?
Тағайындау • Бүгін, 12:24
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
Президент • Бүгін, 12:18
Астана ерекше мәртебеге ие болады: Парламент заң жобасын мақұлдады
Елорда • Бүгін, 12:12
Қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі
Бокс • Бүгін, 12:10
Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі
Оқиға • Бүгін, 11:58
Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 11:45
Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды
Спорт • Бүгін, 11:28