Спорт • 04 Тамыз, 2024

Әкеме менен ешнәрсе шықпайтынын жиі айтатын - Париж олимпиадасының чемпионы

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің спорттағы үлкен жетістікке қол жеткізетініне көпшілік күмәнмен қарағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкеме менен ешнәрсе шықпайтынын жиі айтатын - Париж олимпиадасының чемпионы

Спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді иеленген Нариман Құрбанов 18 жасынан бастап олимпиадада атой салуды армандағанын жасырмады.

- Көпшілік менің спортта үлкен жетістікке жететініме сенбей, әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатын. Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арман емес. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін бақыт, - деді ол.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында бір алтын (Елдос Сметов), бір күміс және екі қола медаль бар. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле алған еді. Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасының қоржынын алтыншы медальмен толықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10