«Таза Қазақстан» • 16 Тамыз, 2024

«Таза Қазақстаннан» бастау алған «Таза бейсенбі»

78 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасып келеді. Киелі орындарды сақтауды мақсат тұтқан акция Пре­зиденттің «Таза Қа­зақ­стан» жалпы­ұлт­тық бастамасы аясын­да жаздың басында бас­талған еді.

«Таза Қазақстаннан» бастау алған «Таза бейсенбі»

Акция аясында су қойма­ларын, ауылдар мен қалалардың аумақтарын тазарту, қоқыс жинау және сұрыптау жұмыстары ғана емес, Қазақстанның тарихи, мәдени, табиғи және тарихи ескерткіштерінің жағдайына қоғам назарын аудару да көзделіп отыр.

Тарихи ескерткіштерді сақ­тау мәселелеріне қоғам назарын аудару және жалпы тари­хымызға, мәдениетімізге, табиғатымызға жауапты көзқарас қалыптасты­ру мақ­сатында партия мүшеле­рі мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері ұлттық мұ­ра нысандарын қоқыстан та­зар­туға кірісті. Мәселен, Ақтөбе облысында партия мүшелері XIX ғасырдың 30-жылдарындағы халық көтерілісінің көшбасшысы, ұлт батыры Исатай Тайманұлы кесенесінің айналасында тазарту жұмыстарын ұйымдастырды. Ал Жамбыл облысында партия белсенділері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бірегей ескерткіш – Ақыртас қалашығын ретке келтірді. Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков атап өткендей, Ақыртас – бұл тек еліміздің емес, шетелден келетін туристердің де зиярат ететін орны.

«Жұмысты бастамас бұрын волонтерлер музей-қорық қыз­мет­керлерінен қажетті нұсқау­лықтан өтті. Біз аумақты жинап, археологиялық кешеннің қызметкерлеріне көмек көрсе­те­міз. Бұл – жас белсенділеріміз үшін туған өлке тарихын оқу­лықтан оқып қана қоймай, сол жерде ежелгі рухты сезіну ар­қылы тереңірек білуге мүм­кін­дік. Акция отандастарымыз­ды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретініне сенімдімін», деді ол.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында партия мүшелері «Тақсай ханшайымы» кесенесінің аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді. Белсенділер кесене айналасын арам шөптен тазартып, шамамен 2 тонна қоқыс жинады. Мұнда 2012 жылы археологиялық жұ­мыстар кезінде «Тақсай қорған­дар кешені» деп аталған төрт қорғаннан тұратын кешен табылған. Бұл сармат дәуіріндегі ақсүйек әйелдің бейіті – «Алтын ханшайым».

«Ескерткіш облыс тұрғын­дары үшін ғана емес, бүкіл республика үшін маңызды. Мұнда шамамен 1 мыңға жуық құнды тарихи артефакті табылған. Бұл жерге туристерден бөлек, оқушылар мен студенттерге ашық аспан астында экскурсия­лар мен тарих сабақтары өткі­зіледі», деді партияның Терек­ті аудандық филиалының атқару­шы хатшысы Мирхат Ибраев.

Қарағанды облысында пар­тия мүшелері Шахтинск қала­сының жанындағы Долинка кентінде орналасқан саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде болды. «Amanat» партиясы Шахтинск қалалық филиалының төрағасы Ғалым­тай Қаржасов мұндағы тарихи құн­дылықтарды болашақ ұр­пақ­қа аманат ету қажеттігін атап өтті. Партия мүшелері, «Жас­тар рухы» белсенділері және жергілікті тұрғындардан құрыл­ған топ музей аумағындағы ескерткіштерді жуып, қоршау­ларды ұсақ жөндеуден өткізді.

«Таза бей­сенбі» акциясына басқа аймақ­тар да қатысты. Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Сол­түстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы­ның партия мүшелері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерт­кіштерді тазалауға атсалысса, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында белсенділер «Ғылым және ғарыш» монументі айналасын ретке келтірді. Ал Алматы қаласында «Медеу» саябағындағы қоқыс жиналды. Дәл осындай игі істер басқа да елді мекендерде өтті.

«Таза бейсенбі» акциясы басталғалы бері табиғатқа және экологияға бейжай қарамайтын 45 мыңға жуық партия мүшесі мен волонтер іс-шараға белсене қатысып, еліміз бойынша шамамен 6 мың тонна қоқыс жиналды. Партия мүшелері еліміз­дің түкпір-түкпірінде мыңға жуық учаскені ретке келтірді, бұл – орман алқаптары, өндірістік аймақтар, жол бойындағы аумақ­тар, тұрғын аудандар. Сондай-ақ 100-ден астам өзен, көл, су қоймасы мен су айды­нының арналары қоқыстан тазартылды.

Мұндай тазарту жұмыстарын партия мүшелері әр бейсенбі сайын жүргізеді. Бұл ретте әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер, бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітілген. Олар сол аумақтарда тәртіп пен тазалықты сақтауды қам­тамасыз етеді, сондай-ақ қоқыс жә­шіктерін орнату, аумақ­тарды көгалдандыру, жолдар­ды жөндеу сияқты инфра­құры­лымды жақсарту және дамыту мәселелерін шешеді. 

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024