Білім • 17 Тамыз, 2024

Колледждерге 145 мың грант бөлінді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік молайды. Оқу-ағарту министрлігінің жақында жариялаған жаңалығына сүйенсек, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді.

Колледждерге 145 мың грант бөлінді

Жаңа оқу жылында елі­міздің кол­ледж­­дерінде мем­­лекеттік білім тап­сы­ры­сы­ның көлемі 145 мың орынға дейін артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп. Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады.

Министрліктің мәлім­деуін­ше, Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасымен мем­лекеттік тапсырыстың 65%-ы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 100%-ға де­йін өседі. Сонымен қатар колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері негізінде жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасып жатыр. Осы аталған жүйемен жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады. Мұн­дай бағыт кадрларды еңбек на­рығының талабына сәйкес даярлауға мүмкіндік береді.

Оқу-ағарту министрлігінің хабар­лауына қарағанда, техни­калық және кәсіптік білім саласында маман даярлаудың маңызды бөлігі – бизнес­пен ынтымақтастық құру. Қазір­гі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледждің түлек­терін прак­ти­калық даяр­лауға, жұмысқа орна­ластыруды қамтамасыз ете отырып, дуальді оқытуға және қамқорлық көрсетуге қаты­сып отыр. Қабылданған сол шаралардың барлығы жас мамандарды кәсіби даярлауға және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15