Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024

Овариден олжа күтіп тұр

101 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облысының спортшылары V Дүниежүзілік көш­пелілер ойынында асық ату, ордо, овари, құраш және аба бо­йынша ел намысын қорғайды. Жалпы, өңірден 7 спортшы, бірнеше төреші қатысуға тиіс.

Овариден олжа күтіп тұр

Ертіс – Баян өңірінің спортшылары Дүние­жүзілік көшпелілер ойынына білек сыбанып дайы­н отыр. Спортшылар асық ату, ордо (асық атуға ұқсас ойын), құраш (қыр­ғыз күресі), аба (түрік күрес түрі) және овари бойынша сынға түседі. Атап айтқанда, Серік Ақтаев пен Ернұр Мерешев овариден, Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай асық атудан, Саят Қизат ордодан, аба бойынша Мұхтар Дәлелханұлы, құраштан Алтынай Нұрханова жарыс жолына қосылады.

Тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы, Қазақстанның  Еңбек сіңір­ген спорт шебері Серік Ақ­таев отан­дық ойыншы­лар­дың овариден олжа салатын мүм­кіндігі зор деп есептейді.

– Овариді 2008 жылдан бері ойнап келемін. Овари тоғыз­құмалақ тектес ойындарға жата­ды. Ойын тақтасында 12 отау, 2 қазан, 48 тас болады. Негіз­гі мақсаты – 25 тас жинап, қар­сыласты ұту. 24 тастан шықса, тең ойын болады. Қарсыласта жүріс таусылған кезде оны жү­руге мәжбүрлеу тактикалары да қарастырылған. Бұл ойын Африка елдерінен шыққан. Биыл­ғы жарысқа әлемнің үздік овари ойыншылары қатысады, – дейді спортшы.

С.Ақтаев кейінгі 16 жылда овариден әлемдік деңгейде өткен 24 халықаралық жарысқа қатысып, соның тең жартысында жеңімпаз атанған. Ал өзгесінде үздік үш­тіктен төмендеп көрмепті. Қа­зір­гі мақсаты – 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында ұлттық құрама командасы қатарында барынша тәуір ойын өрнегін көрсету.

Ал Қайырбаев атындағы ұлт­тық клубтың директоры Дар­хан Жоламанов өңіріміздің спортшылары бабында екенін айтады.

 

Павлодар облысы