Бұрнағы күні Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда Ішкі істер министрлігінің Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы атқарып жатқан қызметі талқыланды. Бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.
Комиссия мүшелері ғаламдық ауқымдағы проблема – адам құқығын бұзудың елеулі түрі болып табылатын және ұлттық шекараны танымайтын адам саудасына ерекше көңіл бөлді. Қазақстанда адам саудасымен күрес үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңнамалық база құрылғаны атап өтілді.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты әмбебап шарттардың қатысушысы болып табылады, осының ішіндегі 15 халықаралық конвенциялар, шарттар және келісімдер құлдықтың қазіргі заманғы нысандарына қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты. Бұған қоса, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты арнайы баяндамасының ұсынымдарын орындау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің үлгісін әзірледі. Бұл үлгі 2016 жылдан бастап қанатқақты режімде Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында енгізілетін болады.
Сөз сөйлегендер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының үкіметтік емес ұйымдармен адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен трафик құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету салаларындағы өзара іс-қимылдарын күшейтуге ерекше назар аударды. Комиссияның отырысында әзірленген ұсынымдар Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің назарына ұсынылады.
«Егемен-ақпарат».

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45