ҚОСТАНАЙ. 26 қаңтар. Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталып кетті. Бүгінде тұқым мәселесі шешімін табуда. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылы күзде ауа райының тым жаңбырлы болуына байланысты астық жинау науқаны қиындықпен өткен болатын. Осыған орай облыста тұқым аздығы байқалды. Оны облыс басшылығы өткен жылдың қазан-қараша айында-ақ шешу жұмыстарын бастаған еді. Міне, соның нәтижесі көрінді.
Облысқа 44 мың тонна тұқым алу үшін 1,8 миллиард теңге қаржы бөлінді. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: « Біз көктемгі дала жұмыстары үшін керекті сұранымдардың барлығын жасадық. Қазір 6 мың тоннадай тұқымның ақысы төленді. Диқандар үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалады. Қаржы бөлінді, тұқым жеткілікті қамтамасыз етіледі. Оның қайтарымына күзде мол астық жиналады деп үміттенеміз», деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше