АТЫРАУ. 26 қаңтар. Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде мердігер компанияның екі жұмысшысы ауырып, біреуінің қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы оқыс оқиға 26 қаңтарға қараған таңда тіркелген. «Теңіз» кенішіндегі мердігер компанияның бірі – «Имстальком» серіктестігінде қызмет ететін 1973 жылы туған Р. есімді Шығыс Қазақстан облысының азаматы жұқпалы дерттен клиникада таңғы сағат 05:15-те көз жұмған. Алайда, Жылыой аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына жергілікті уақытпен сағат 09:15 минутта «Теңізшевройл» серіктестігінің вахталық қалашығындағы клиникаға екі сырқаттың жеткізілгені туралы мәлімет түсіпті.
Көз жұмған азаматпен тікелей қарым-қатынаста болған Т. есімді 1991 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тумасына орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем жасалып, кейін облыс орталығына жіберілді. Дәрігерлер әзірге «Менингит. Менингококкцемия» диагнозымен ауырған деп болжам жасап отыр.
Сырқаттың ауру белгілері мынадай: қызу 37 градусқа дейін көтерілген, әлсіздік, денесінде және аяғында гемморагациялық бөртпенің пайда болуы. Онымен қарым-қатынаста болған 3 адам «Теңізшевройл» серіктестігінің клиникасында оқшауланып, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Олардан әзірге ауру белгілері анықталған жоқ.
«Қазір облыстық деңгейде құрамында инфекционист, эпидемиолог-дәрігер, вирусология және бактериаология зертханасының меңгерушілерінен жасақталған арнайы бригада құрылып, Жылыой ауданына іссапарға жіберілді. Қажетті шаралар атқарылып, эпидемияға қарсы жұмыстар жасалуда. Барлық жағдай жіті бақылауда», деп мәлімдеді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Cурет: egemen.kz.
• 26 Қаңтар, 2015
Атыраудағы «Теңіз» кенішінде жұмысшы қайтыс болды

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше