Экономика • 11 Қыркүйек, 2024

Негізгі жолдарды жаңғырту аяқталды

41 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Республикалық маңызға ие жол желісін жаңғырту бойынша стратегиялық маңызды телімдердегі жұмыстың негізгі кезеңі аяқталды. Жаңартылған жолдың ұзақтығы – 900 шақырым.

Негізгі жолдарды жаңғырту аяқталды

Елдің орталығы мен оң­түс­тігін жалғайтын, ұзын­дығы 885 шақырымды құ­райтын «Қарағанды – Ал­маты» тасжолы 85%-ға дайын. Бүгінде оның 863 шақырымында жаңа асфальт-бетон жабынымен қозғалыс қамтамасыз етіл­ген. Аталған көлік дәлізіндегі жұмыстарға 1 312 бірлік техника, 2 448 қызметкер жұмылған. Күре жолда 46 жол өтпесі, 30 көпір, 7 көлік айырығы және 661 су өткізу құбыры салынды.

Нәтижесінде, 363 ша­қы­­­рым болатын «Қара­ған­ды – Балқаш» тас­жолын айналып өту қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Қа­рағанды қаласынан Ақ­бастау және Ақсу ауылдарына дейінгі жолдың төрт жолағы бойынша қозғалыс ашылды. Аталған учаскеде асфальт-бетон төсеу жұмысының 90%-ы аяқталды. Жуық арада бар­лық жаңартылған те­лім­дер бойынша көлік қоз­ғ­алыс басталады. Биыл «Балқаш – Бұрылбайтал» жолында ауқымды жұмыс жүргізіліп, телімнің 80%-ына жаңа асфальт бетон төселді. Қазір 288 шақырымның 266 ша­қырымы қозғалыспен қам­­тамасыз етілген. Сон­дай-ақ Күрті мен Бұрыл­бай­­талды жалғаған ұзын­дығы 228 шақырым жол дәлізі толық жаңарды. Асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары 85%-ға аяқталып, жаңа асфальт қабатымен қозғалысқа рұқ­сат берген. Осы кезде жауапты мердігер ұйым тосқауыл қоршауын, жол таң­баларымен белгілерін орнатуға кірісті.

«Шамалған стансасын айналып өту» автожолында 3 бірлік жол өтпесі, 1 мал өткелі, 1 көпір, 3 су өткізу құбыры орнатылды. Рес­пуб­ликалық ма­ңызы зор жо­ба жұ­мыс­тары толық аяқ­­­талды. Таяу­да толық ел игі­лігіне бе­ріл­мек.

Халықаралық тұрғыда ма­ңызды саналатын «Ақ­төбе – Қандыағаш – Аты­рау – РФ шекарасы (Астра­ханьға қарай)» тасжолының 732 шақырымы қайта жа­ңар­ту жұмысымен қам­тылды. Аталған автомагис­тральде 47 жол өтпесі, 6 көлік айырығы, 526 су өткі­зу құ­быры салынды. Жобаға 1 312 бірлік техника мен 2 448 жұмысшы жұмылдырылды. Қазір авто­жолдың тұтас бойында асфальт-бетон төсе­мінің жо­ғарғы және төмен­гі қа­ба­ты бойынша қозға­лыс ашық.

«Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде 18 көпір бойын­ша көлік қозғалысы іске тү­сіп, 8 эстакада са­лын­ды. Асфальт-бетон төсеу жұ­мыстары 97%-ға атқа­ры­лды. Жа­бын­ның жоғарғы қаба­тын төсеу және жолды абаттандыру шарасы жалғасып жатыр.

Бүгінде «Атырау – Ас­трахан» бағыты бойынша рекон­струкция жұмыстары биыл жыл соңына дейін толық мәресіне жетеді деген жоспар бар. Қайта жа­ңар­тылатын телімнің ұзақтығы – 212 шақырым. Асфальт-бетон жабынын төсеу бойынша жұмыс 82%-ды құрайды. Қазір жолдағы жұмыс бел­сенді түрде жалғасып жа­тыр. Учаскедегі қозғалыс қар­­қы­ны тәулігіне шамамен 5 000 автокөлікке жеткен. Айта кетейік, аталған тасжол толық пайдалануға беріл­ген­нен кейін сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады деп күтіліп отыр.