Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылорда облыстық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» би тобы концерттік бағдарламасымен Арал ауданында сапармен болды.
Концерт Арал аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Сазгер Абылайхан Ысқақов жетекшілік ететін өнер ұжымы домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз, сырнай, сыбызғы аспаптарында қазақ халқының күйлерін орындап, жиналған қауымды тәнті етті. Ансамбльдің Күнсұлу Түрікпенова, Майра Сәрсенбаева, Марат Сүгірбай сынды танымал жыршыларының орындауындағы термелері аралдықтардың құлақ құрышын қандырды.
«Томирис» би тобының мың бұрала билеген билері көрерменнің көзайымына айналып, кеш ажарын аша түсті. Арал ауданының құрметті азаматы Мұрат Сыдықов халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлаған өнер ұжымына алғысын айтып, ақ батасын берді.
«Егемен-ақпарат».

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше