 
                                        Фото: Polisia.kz.
Белгісіз біреу үй иесі жоқ кезде үйге кіріп, зейнеткерге тиесілі теледидар, киім-кешек, жеке гигиена заттарын ұрлап кеткен.
Полиция жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні қолға түсіріп, заттар иесіне қайтарылды.
30 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                