Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

СҚО-да «ақылды камералар» іске қосылды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда және Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында 11 қыркүйектен бастап іске қосылған «ақылды камералар» құрылғылары жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да «ақылды камералар» іске қосылды

Фото: gov.kz

Бұған дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеп, сол учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмепті. Демек, құрылғылар тиімділігін көрсеткен. Биылғы 8 ай бойынша аталған құрылғылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз бұзушылық тіркеген.

Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімділігіне байланысты және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық Полиция департаменті тағы 24 құрылғы алып, қозғалысы көп учаскелерге орнатылды. Тағы 2 кешен темір жол өтпесіндегі, 3 кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді, ал 4 кешен патрульдік автокөліктерде қойылған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қала сыртындағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде «Кордон.Про»М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады. Аталған құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді.