Бизнес • 13 Қыркүйек, 2024

Қандас кәсіпкерлер «Отандастар» бизнес-форумында бас қосты

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған бизнес-форум өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қандас кәсіпкерлер «Отандастар» бизнес-форумында бас қосты

Бизнес Форумға әлемнің 12 елінен: АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Түркиядан 50-ден астам қандас кәсіпкер арнайы келді. Жалпы Қазақстандағы кәсіпкерлерді қоса алғанда  шараға 200-ге жуық қатысушы жиналған. Форумда шетелдегі және Қазақстандағы бизнес қауымдастық өкілдері бірлесе жұмыс істеу және тәжірибе алмасу мәселесін ортаға салды.

рр

Шара барысында қандастарымызға Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетілетіні айтылды.

Форум барысында қатысушылардың бастамасымен «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесін» құру ұсынылды. Бұл кеңес шетелдегі этникалық қазақтардың бизнес белсенділігін арттыру және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтап қалу мақсатында жұмыс істемек.

оо

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35