Қоғам • 17 Қыркүйек, 2024

АЭС: Халықтық штаб Ұлытау тұрғындарымен кездесті

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясының болашағын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz

АЭС: Халықтық штаб Ұлытау тұрғындарымен кездесті

Фото: «Amanat» Телеграм

«Amanat» партиясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жезқазған қаласында Халықтық штабтың мүшелері 300-ге жуық тұрғынмен кездескен.

Өнеркәсібі дамыған Ұлытау облысы көптеген экологиялық мәселеге тап болып отыр. Штаб мүшелерінің айтуынша, атом энергетикасына көшу ауаның ластану проблемасын шешудің тиімді тәсілі бола алады, өйткені АЭС – көмір электр станцияларына қарағанда әлдеқайда экологиялық тұрғыда таза.

«Қазіргідей әлемде ресурстарға, энергияға бәсеке күшейген уақытта елдің энергетикалық тәуелсіздігі, энергетикалық қауіпсіздігі бірінші орынға шығып отыр. Мұндай жағдайда, орынсыз үрей мен жөнсіз популизмнің жетегіне еріп, АЭС-ке қарсылық таныту ел болашағына жасалған қиянат болар еді. Ұлытау тұрғындарын бірігіп, ұлт болашағы үшін АЭС құрылысына қолдау білдіруге шақырамын!», деді аталған партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.

Соңғы жаңалықтар

Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

Кәсіпкер • Бүгін, 08:30

Еңбекпен ырысын еселеген әулеттер

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:25

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Келешек мектептері • Бүгін, 08:22

Заманауи кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Еларалық жолдың сапасы жақсарды

Аймақтар • Бүгін, 08:18