Оқиға • 18 Қыркүйек, 2024

АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қазақстандағы АЭС-қа қатысты референдум өткізу туралы заңнаманы бұзған төрт адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды

Фото: Ulysmedia

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтаған.

«Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн еске салды.