Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлауда айқын жеңіске жетуіне байланысты шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.
– Дауыс беру қорытындысы Сіздің отандастарыңыз алдындағы биік беделіңізді толығымен қуаттайды. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары арқылы Сіздің елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жеделдетіп дамыту, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысу және Ресеймен стратегиялық әрі одақтастық серіктестік қатынастарды нығайту жөніндегі бағдарыңызға кеңінен қолдауын көрсетті, – делінген жеделхатта.
Ресей Федерациясының Президенті сенімді диалог пен екіжақты байланыстардың ауқымын одан әрі өрістету жөніндегі бірлескен жұмысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендігін атап көрсетті.
– Бұл Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының түпкі мүдделеріне сай келетініне, біздің құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағытпен үндесетініне сенімдімін, – делінген құттықтауда.
Соңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат және мемлекет басшылығындағы аса жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ислам Каримов Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
– Өткен сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз халықтың жоғары сенімінің және өзіңіздің көреген басшылығыңызбен жүргізілген, Қазақстан халқының бақуаттылығына, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыруға бағытталған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық терең реформаларды қолдауының айшықты айғағы болды, – делінген жеделхатта.
Өзбекстан Президенті сан ғасырлық дәстүрлі достыққа, тату көршілестікке және өзара құрметке негізделген жан-жақты даму мен екіжақты қарым-қатынастың нығаюы бұдан әрі де екі ел халқының мүддесіне, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына қызмет ете беретініне сенім білдірген.
– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер және мемлекеттік қызметіңізге жаңа табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тілеймін, – делінген құттықтауда.
Ислам Каримов, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен кейінірек телефон арқылы сөйлесу кезінде де құттықтады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Өзбекстан Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада келген ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.
– Өзінің ерік-қалауы арқылы Қазақстан халқы елді өркендетуге, оның халықаралық аренадағы беделін үздіксіз арттыруға және халқының бақуаттылығына бағытталған Сіздің жасампаз саясатыңызды кеңінен және шүбәсіз түрде қолдайтынын бүкіл әлемге паш етті. Бұл жолда жеткен жетістіктер Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты, – делінген жеделхатта.
Тәжікстан Президенті, сондай-ақ, өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастың дамуын атап өткен.
– Сіз алда да елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара ықпалдастықтың аясы кеңейе, тереңдей түсуіне септігіңізді тигізе беретініңізге сенімдімін. Өз тарапымыздан біз екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы үшін қажетті нәрсенің барлығын жасайтын боламыз, – делінген жеделхатта.
Соңында Эмомали Рахмон Мемлекет басшысына мықты денсаулық, ұзақ өмір, Қазақстанның дамуы жолында тың табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46