ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Екі дүниенің сардары, адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) арналған Мәуліт мерекесін атау үшін Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрына жиналғандардың қарасы қалың болды. Бұл туралы «Қызылжар» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мерейлі шара шымылдығы қасиетті Құран Кәрім аяттарымен ашылды. Салауат айтып, сауап жинауға келген жамағатты Қызылжар өңірінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.
«Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жібектей жұмсақ, сүттей ақ, судай мөлдір баға жетпес мінез-құлқы, теңіздей терең ақылдылығы ғасырлар бойы тәнті етіп келеді. Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов халықтың бағын ашар құндылықтардың қатарына дінді де қосқан. Ислам дінінің уағыздайтыны – имандылық, адамгершілік, адалдық және тазалық. Көздейтін мақсаты – елдің тыныштығы, халықтың бірлігі. Елбасымыз Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі, бірлік деп атап көрсетті. Баршамызға Мәуліт күні Алланың нұры жаусын! Жүректерімізге жылылық пен мейірбандылық ұялап, туған еліміз өркендеп, гүлдену жолындағы тілектеріміз қабыл болсын», деді Анархан Қалиқызы.
Мәуліт мерекесіне арнайы келген Ресей Федерациясының Сібір округі бойынша мүфтиі, Омбы қаласының бас имамы Бота Бакулин де мұсылман қауымға жылы лебізін арнады.
Салтанатты шараның концерттік бағдарламасында діни әндер шырқалып, тәрбиелік мәні бар көріністер қойылды. Мәуліт салауатын ақ жаулықты әжелерден құралған топ орындады. Мағыналы хадистер мен өлеңдер оқылды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: «Қызылжар» мешітінің баспасөз қызметі.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше