Кеше Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында 2015 жылғы 26 сәуірдегі президенттік сайлауда Мемлекет басшысы болып қайта сайланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеңісіне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты жиыны өтті.
Жиынға ҚХА мүшелері, ҚХА Кеңесі, Парламент депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов ашып берді. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы тарихи таңдау жасады және ел дамуының ең күрделi кезеңдерiнен мемлекеттi сенiмдi түрде алып шыққан өзiнiң Елбасына дауыс бердi», – деді. Содан соң, Төрағаның орынбасары О.Дымов, Р.Халмурадов, А.Ахметов, т.б. сөз сөйлеп, сайлауда ерекше белсенділік танытқан азаматтарға өздерінің жүрекжарды ақжарма тілектерін айтты.
Шараға қатысушылар кешегі өткен сайлау Қазақстан халқының бiрлiгi мен ынтымағын, олардың алдағы күнге деген нық сенімділігін көрсеткенін жыр қылып айтып отырды. Айтпағанда ше, дауыс берушiлер саны ел тарихында бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткiшке жетіп жатса?!
– Қазақстан халқы келешек алдындағы жауапкершiлiгiн сезiне және халық пен елдiң биiк мүддесiн ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында таңдау жасады. Бұл таңдау халықтың Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жеңiсiне айналды! Бұл – Қазақстан халқының жеңiсi! – деген Ассамблея Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов бұл сөздерді ерекше толқыныспен жеткізді.
Сондай-ақ, шара барысында 40-тан астам Кеңес мүшелері мен халық қалаулыларына және этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне ҚХА-ның 20 жылдық мерейтойына орай, мерекелік медальдар тапсырылды. Естеріңізде болса, 2015 жылдың 14 ақпанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысының қорытындысында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерілген болатын.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46