Оқиға • 15 Қазан, 2024

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Шымкентте жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 10-нан астам топ ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Фото: polisia.kz

Ал 8 қазан күні қолға түскендер ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсеткен жастар тобы ұсталды.

Күдіктілердің бопсалаумен қатар бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы бар екені де анықталды.

11 қазанда шымкенттік кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері қолға түсті. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін ақша алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым көрсеткен. Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізіп, 100-ден астам тінту шарасы жүргізілген. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген.

«Шымкент қаласында осы жылдың 10 айында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше