Экономика • 17 Қазан, 2024

Биыл 580 мыңға жуық көпбалалы отбасыға жәрдемақы берілген

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 10 айда 576,4 мың көпбалалы отбасыға 348,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 580 мыңға жуық көпбалалы отбасыға жәрдемақы берілген

Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қыркүйек айында 525,9 мың отбасыға 35,2 млрд теңге жәрдемақы берілгенін атап өтті. 

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. 2024 жылы әр 4 баладан көп отбасыға мына суммадан ай сайын үлестірілген: 

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.

 
Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше