Экономика • 17 Қазан, 2024

Сынып жетекшілеріне берілетін үстемеақы 30 пайызға артады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мектеп мұғалімдерінің сынып жетекшілік қызметі үшін берілетін үстемеақыны 30 пайызға біртіндеп арттыру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Сынып жетекшілеріне берілетін үстемеақы 30 пайызға артады

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

Бұл жаңалық Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. 

Бұл үстемеақы елдегі 220 мың мұғалімді қолдауға бағытталмақ. 

«Балалардың деструктивті мінез-құлығының алдын алу бойынша тікелей ата-аналармен және оқушылармен жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшісінің қызметін жүйеге келтіру үшін олардың қызметі туралы ережелер мен біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін көтеру мақсатында бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемеақыны кезең-кезеңмен 30%-ға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр», делінген Олжас Бектеновтің жауабында. 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше