Тағзым • 18 Қазан, 2024

Ерекше фильм-концерт

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қазір Астанада әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүніс шығармашылығының «Қолтаңба» атты онкүндігі өтіп жатыр. Мәселен, ертең 19 қазан күні Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында автордың «Алаш жолы» атты драмасы қойылады.

Ерекше фильм-концерт

Автор шығармашы-лы­ғының онкүндігі «Сәкен» фильм-кон­цертінің премьерасы­мен ашылды. «Керуен» сауда орталы­ғындағы «Kinopark» кинозалында көр­сетілген Қ.Жүністің бұл туындысы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық музыкалық драма театры, тағы басқа өнер шаңырақ­тары әртістерінің қатысуымен, ел азамат­тарының де­меушілігінің арқасында түсі­ріліпті.

Тұңғыш фильм-концерт елордадағы Сейфуллин мұ­ра­жайында ілулі тұрған ақын портретінің тірі Сәкенге айналуынан басталып кетеді. Ақырын ғана қос есікті айқара ашқанда ар жағынан ақбоз атпен ән салып өтіп бара жат­қан ақын бейнесі көрінеді де, жайлап қана «Сыр сандық» суреттеріне ала жөнеледі. Кін­дік қаны тамған Ортаудағы Сейфолланың Қарашілігінде бала ақынның қиялын тербеген Сандықтастан түлеп, Оқ­жет­пестің қиясына самғаған картиналар тізбегі Сәкен әндерімен көмкеріліп, қайраткер өмі­рі­не қатысты маңызды ақ­па­раттармен әдіптеледі. Фильм-концертте деректі және көркем киноның элементтері бар. С.Сейфуллиннің «Тау ішінде», Біздің жақта», «Көк­шетау», «Ақсақ киік» әндерімен қоса, бұған дейін тек ақын түлеп-ұшқан топырақта ғана шыр­қалып келген «Баба­ла­рыма» әнін Қ.Жүністің өзі шырқапты. Осыған дейін эфирге шыға қоймаған туындыны Сәкен елінің азаматы, киногер Ра­мазан Құрманбаевтан жа­ңаарқалық әнші Ғалым Мұ­хамедин үйреніп, айтып жүр­генін білуші едік. Сәкен мұрасына аса ыждағатпен қа­райтын Қанат Жүніс фильм-концертіне енгізіп, нақышына келтіре орындапты. Жалғыз Сәкен емес, мұнда Ілияс пен Бейімбеттің образдары сомдалып, үш арыстың тұлғасы жарасымды көрініс тапқан.

Аққудың ары мен жазықсыз киіктің жанына атылған оқ қазақ даласында әуелі Сәкен жүрегіне тигендей әсер қал­ды­ратын тұңғыш фильм-концерт ақын рухының бір көрінісі іспеттес.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15