Қоғам • 22 Қазан, 2024

«Шымкент - Астана» пойызында сәби дүниеге келді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№86 «Шымкент – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, деп жазады Egemen.kz.

«Шымкент - Астана» пойызында сәби дүниеге келді

Фото: Гүлшат Қарақұлова. «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының хабарлауынша, келіншек жолдасымен бірге жүктіліктің тоғызыншы айында Астанаға жолға шыққан.

21 қазаннан 22-сіне қараған түні жүкті жолаушының толғағы басталған. 

«Түнгі 23:30 шамасында келіншектің күйеуі жолсеріктерден көмек сұраған. Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анара Адамбаева қажет көмекті көрсетіп, жүкті келіншек аман-есен босанған. 23:55-те дені сау қыз дүниеге келген», делінген компания хабарламасында. 

Нұсқама бойынша жолсерік жақын маңдағы Сары-Шаған станциясына жедел жәрдем шақыртқан. Пойыз межелі жерге жеткенде жас босанған ана сәбиі, жолдасымен бірге медициналық орталыққа жеткізілген. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы пойыз жолсеріктері әдеттен тыс жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсете білу үшін жиі оқу-жаттығудан өтетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25