Шаруашылық • 23 Қазан, 2024

Елімізде егін жинау науқаны аяқталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 23,3 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өнім былтырғы деңгейден көбірек жиналғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz

Елімізде егін жинау науқаны аяқталды

Фото: gov.kz

Министрдің мәлімдеуінше, 16,7 млн гектардан дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, 26,5 млн тонна астық бастырылған.

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құраған. Айдарбек Сапаров бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары екеніне назар аударды. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысының дихандары мол өнім алған. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарынының шаруаларына тиесілі.

Министр осы күздегі қолайлы ауа райына байланысты астық шығынсыз жиналғанын мәлімдеді. 

«Мол өнім алуға ауа-райының қолайлы болуы, агротехнологияларды дұрыс қолдану да сеп болды.  Дихандардың сапалы тұқымдарды пайдаланып, минералды тыңайтқыштарды қолдануына, өсімдіктерді тиімді қорғауына жағдай жасалды», деді Айдарбек Сапаров.

Үкімет отырысында дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталып, тек жүгері дәнін жинау жалғасып жатқаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35