Қоғам • 11 Қараша, 2024

Полицейлер жолда қалған шетелдік жолаушыларға көмек көрсетті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөзде аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына полиция қызметкерлері көмек қолын созды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Полицейлер жолда қалған шетелдік жолаушыларға көмек көрсетті

Фото: Polisia.kz

Алматы – Өскемен тас жолындағы қатты боран салдарынан Моңғолиядан Алматыға бағыт алған жолаушылар автобусы Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр болды. Автобуста 23 жолаушы, оның ішінде 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық азамат болған. Олардың бірі кәмелетке толмаған жасөспірім. Қала полицейлері жолда қалған адамдарға көмек көрсетіп, спорт мектебінде орналасқан жылыту пунктінен жайлы орын ұсынды. Алайда жолаушылар автобус ішінде қалуды құп көрді. Суықта қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобус жанында кезекшілік атқарып, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20