Аймақтар • 21 Қараша, 2024

Алматы облысында үш барымташы ұсталды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында мал ұрлау дерегі азаймай тұр. Осы жылдың он айында мал ұрлығы бойынша 199 іс тіркелген, осы уақыт ішінде 331 жылқы қолды болған.

Алматы облысында үш барымташы ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Жуырда Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері 12 бас жылқыны ұрлау туралы резонанстық істі ашты. Оқиға 8 қарашада Ақдала ауылында болған. Шаруа қожалығының иесі жалпы құны 10,6 млн теңгені құрайтын 12 бас жылқының ұрланғаны туралы арызданған. Полиция қылмыстық істі тіркеп, дереу іздеуге кірісті.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», деп хабарлайды аудандық полиция өкілдері.

Осыған ұқсас мал ұрлау оқиғалары Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелді, онда барымташылар бір жылқы мен ірі қара малды ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция мал иелеріне сақтық шараларын ұстану керектігін ескертеді. Малдың ұрлануына көбінесе иелерінің немқұрайды қарауы немесе иесіз қалдыруы себеп көрінеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды қаскүнемдердің құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауға шақырады.



Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03