Шаруашылық • 26 Қараша, 2024

Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайрам ауданындағы жылыжайда өсіріліп жатқан экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр

Видеодан алынған кадр

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, қазір жұрт сүйсініп жейтін жемістер негізінен ішкі нарыққа шығып, Алматының сауда орталықтарына жөнелтіліп жатыр.

Түркиялық технология негізінде іске қосылған жылыжайға 7 400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған. Жемісті өсіру үшін арнайы микроклимат жасалған. Мұндағы температура тұрақты түрде +15 градуста сақталады, ал топырақ құрамы тропикалық өсімдіктердің талаптарына сай байытылған.

 Өнім көлемін арттыру үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Мұнда 20 шақты ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс тапқан.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37