Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2024

Қарағанды облысында адасып кеткен туристер табылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында төрт турист «Шайтан көлі» бағытына бет алып, сол күйі адасып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында адасып кеткен туристер табылды

Төиенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, олар белгіленген жерге жетпей, қараңғы түскеннің салдарынан кері қайта алмай қалған.

«Туристер жақын орналасқан биік тауға шығып, құтқару қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар аталған координаттар бойынша жедел түрде шақыру орнына келді. Тепловизоры мен түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен «Берлога» демалыс аймағынан төрт шақырым жерде жоғалған адамдар табылды», делінген хабарламада.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Туристер құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37