Басылым • 12 Желтоқсан, 2024

Он жылда – жүз кітап

98 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Зерделі» мектептері мен орталықтарының «10 жылда жарық көрген 100 кітабы» таныстырылды. Оған Парламент депутаттары, Оқу-ағарту министрлігінің мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Он жылда – жүз кітап

Биыл «Зерделі» орта­лық­тары мен мектептер желісінің құрылғанына 10 жыл толды. Осы аралықта Ас­тана, Алматы, Шымкент қала­лары мен облыс­тарда 7 мектеп, 48 орталық ашыл­ған. Оның негізін қалаушы, үздік педагог – Ырысбек Мәуіт. Оның айтуынша, қазір бұл мектептер мен орталықтарда 20 мыңнан аса оқушы білім алып, 1 200 мұғалім еңбек етеді.

«Менің мақсатым – балаларға математика мен IT және ағылшын тілін тереңдетіп оқытып, қазақ тілінде білім беріп, ұлттық тәрбиені бойға сіңіретін «үздік 50 мектеп ашу». Әсіресе Назарбаев зияткерлік мектебі сынды үздік­терге ашық бәсеке орнатып, білім саласының дамуына үлесімді қоссам деймін», деді ол.

Сондай-ақ «Зерделінің» негізгі қызметінің бірі – авторлық оқулықтар шығару.  Осы бағытта «Зерделі» баспасы құрылған. Бүгінге дейін аталған баспадан жүзге жуық авторлық жинақ жарық көрді. Кітаптар мазмұны бойынша математика, жаратылыстану, тарих және қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндеріне топтастырылған. Бұл еңбектер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, оларды олимпиадаға әзірлеп, жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.

Іс-шара барысында қадірлі қонақтар «Зерделі» білім ұйым­дарының  он жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері туралы жылы лебіздерін білдірді. «10 жылда жарық көрген 100 кітаптың» лентасын қиды. Со­ны­мен бірге мазмұнды шара соңында «Зерделі» мектептерінде қызмет істейтін 35 педагогке Сингапурға тәжірибе алмасуға сертификат табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15