Президент • 13 Желтоқсан, 2024

Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше