Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024

Елде қанша зейнеткер бар?

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл республикалық бюджеттен 3 трлн 436,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, мұның 1 трлн 81,9 млрд теңгесі базалық, 2 трлн 354,5 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға аударылды.

Елде қанша зейнеткер бар?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 428 мың адам. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бо­йынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңгеге жетсе, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалып келеді. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардан бері ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосы­лады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде болмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-ына тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер еңбек өтілі 20 жылға толса, базалық зейнетақысы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ы мөлшерінде болады. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 105% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақ­таушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты, толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы сомасы солғұрлым қомақты болады. Әр азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаң­тардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) әрі зей­нет­кер­лікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына қарай есептеледі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15