
Биылғы төрт аталым бойынша марапатталған жеңімпаздар арасында «егемендік» екі әріптесіміз қатарынан қара үзіп, озық шықты.
Осы, 2024 жылы, «Assyltas» қоғамдық қоры білім, өнер, спорт және мәдениет салаларын қолдауға 1 миллион доллардан астам қаражат жұмсапты. Биыл Әдебиет аталымы бойынша «Аssyltas» стипендиясының иегері 2024 жылы жарық көрген «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының авторы, газетіміздің Саясат және құқық бөлімінің аға тілшісі, жазушы Қанат Әбілқайыр болды. Ал Журналистика аталымында газетіміздің аға тілшісі Маржан Әбіш «Assyltas» стипендиясының иегері атанды. Ғылым мен спорт аталымдары бойынша Нұрхат Жақиев пен Абиба Әбужақынова лайықты деп танылды. Әр жеңімпазға 1 500 000 теңге көлеміндегі стипендия табысталды.