Егемен Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2024

«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Assyltas» қоғамдық қорының жыл қоры­тындысы шы­ғарылып, үздіктер марапатталды. Аталған қор кейінгі жылдары қоғамдық маңызы бар төрт саланы таңдап, халықтың дауыс беруі һәм қазылардың таң­дауымен жүйрік­тер­ді іріктеуді дәстүрге ай­налдырған.

«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде

Биылғы төрт аталым бо­йынша ма­рапатталған же­ңімпаздар арасында «еге­мендік» екі әріптесіміз қа­тарынан қара үзіп, озық шықты.

рп

Осы, 2024 жылы, «Assyltas» қоғамдық қоры білім, өнер, спорт және мәдениет салаларын қолдауға 1 миллион доллардан астам қаражат жұмсапты. Биыл Әдебиет аталымы бойынша «Аssyltas» сти­пендиясының иегері 2024 жылы жарық көрген «Ағы­раптағы аты жоқ адам» кіта­бының авторы, газетіміздің Саясат және құқық бөлімінің аға тілшісі, жазушы Қанат Әбіл­­қайыр болды. Ал Жур­­налистика аталымында га­­зетіміздің аға тілшісі Мар­жан Әбіш «Assyltas» сти­пен­диясының иегері атанды. Ғылым мен спорт аталымдары бойынша Нұрхат Жақиев пен Абиба Әбужақынова лайықты деп танылды. Әр жеңімпазға 1 500 000 теңге көлеміндегі стипендия табысталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50