Еңбек • 24 Желтоқсан, 2024

Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.

Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық

Бұл кешеннің құрылысы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры өнімділігін арттыру бағ­дарламасының «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры ре­вер­сі жобасы аясында жүзе­ге асырылды.

«Аман» мұнай айдау стансасындағы III (үшінші) іске қосу кешенінде өнді­ріс­тік емес объектілер де орналасқан. Олардың ішін­де әкімшілік ғимарат, 74 орын­дық жатақ­хана, асхана және спорт алаңы бар. Бұл нысандар вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұ­мыс­шыларға қолайлы жағдай жасау үшін берілді.

м

Оған қоса «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Екібастұз» мұнай айдау стансасында заманауи сервистік-тұрмыстық кешеннің құрылысын аяқта­ды. Жаңа кешенде асхана, инженерлік-техникалық қыз­­меткерлерге арналған кең­­се бөлмесі, 35 орындық акт залы және демалыс бөлмесі бар. Барлық нысан жиһаз­­дар­мен және техникамен жаб­дық­талған.

Сонымен қатар «Қаз­­Транс­Ойл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқарма­сының «Әлібекмола» бас мұнай айдау стан­сасында 64 орындық үш қабатты жатақхананың күр­делі жөн­деу жұмыстары аяқ­та­лу­да. Ғимаратты 2024 жыл­дың желтоқсан айының соңы­на дейін пайдалануға беру жос­парланған.

ап

Бұл – бастамалардың жүзе­ге асуы «ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмыскерлеріне қолай­лы жағдай жасап, әлеу­меттік инфра­құрылымды жақ­сар­туға басты назар аудара­тынының дәлелі. Компания жұмыскерлерінің өмір сүру сапасына ерекше назар аудара отырып, көмірсутегі ресурс­тарды сенімді және тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін нысандарын жаңар­туды жалғастырып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50