Қоғам • 01 Қаңтар, 2025

Жол үстіндегі жаңа жыл

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрине, жаңа жылды отбасында, ата-ана, бала-шағаның қасында қарсы алғанға не жетсін? Бірақ тынымсыз тіршіліктің тамыры соғып тұру үшін адамзаттың қам-қарекеті таусылған ба? Сенесіз бе, сенбейсіз бе, жаңа жылды 60 мың жолаушы пойызда қарсы алатыны белгілі болып отыр.

Жол үстіндегі жаңа жыл

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қанша кісі ұйқыда, қанша адам ояу, қаншасы қам-қарекет үстінде тырбанып жатады. Жол үстіндегі 60 мың жолаушыны айтпағанда, Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шым­кент, Астана – Семей, Алматы – Семей бағы­тында ызғытқан пойыз­дарды тізгіндеп, жол бо­йында қауіпсіздігін күзетіп, өткізіп, жіберіп, шығарып салып, қарсы алатындардың аяулы еңбе­гімен өлшенеді өмір. Бірінің қауіпсіздігі үшін келесі бірі кірпік ілмейтін уақыт тынысының өзі жүректермен бір соққан­дай әсер қалдырады. Осы­ның бәрі ортақ Ота­нымыздың жар­қын болашағы үшін емес пе?

«Жолаушылар та­сы­ма­лының» мәлім етуін­ше, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған Жаңа жыл түні Қазақстан бо­йын­ша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етсе, пойыздарда 73 пойыз бас­тығы мен жолаушылар вагондарында 1 774 жолсерік, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетіпті. Осының бәрі 60 мың жолаушы үшін, мүмкін арасында сіз бен біздің жақынымыз да бар шығар.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50