
Бұл жарыс қаңтардың 13-16 күндері аралығында өтеді. Спортшы 19 жасқа дейінгі (U19) жас санатында ел намысын қорғайды.
Жарыста Австрия, Алжир, Англия, Болгария, Бельгия, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Малайзия, Польша, Словакия, Таиланд, Тайбэй, Франция, Шотландия, Швеция және Швейцария елдерінің командалары да бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алан Құрманғалиев Италиядағы Лиянно қаласында өткен WTA Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанған еді.