
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Теміржан Бөлтеев 1963 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі», 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Байғанин орта кәсіптік-техникалық училищесінің тракторисі болып бастаған.
2020–2024 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.