
Бұл жоба Алматы агломерациясындағы көлік ағынын жеңілдету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, бұл бағыттағы тұрғындар санының көбеюіне байланысты көлік қозғалысының жүктемесі айтарлықтай артқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі 2025 жылы қалада шамамен 300 км жолға және 30 км жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстарымен 35 км жаңа жол салу жоспарланғаны туралы айтқан болатын.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қалада шамамен 300 км жолға және 30 км жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстарымен 35 км жаңа жол салу жоспарланған.
Жаңа жолдар Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын аудандарында салынады. Бұл Алматыға қосылған аумақтарда тұратын 70 мыңнан астам тұрғынның көлік қатынасын жақсартады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы Алматыда бірнеше маңызды жобаның құрылысы аяқталады:
Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту;
Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту;
Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары мамыр айында аяқталады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолда жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары қарастырылған.
Жаз мезгілінде Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі бөлігін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесін 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысы толығымен аяқталады. Сонымен қатар, жолайырық маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі.