Теннис • 22 Қаңтар, 2025

Жастардың қарқыны жақсы

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде еліміздің спортшылары сәтсіз өнер көрсетіп, барлығы да жарыс жолынан шығып қалғаны белгілі.

Жастардың қарқыны жақсы

Дегенмен қазақ жанкүйерлерінің назары әлі де жасыл құрлықта. Себебі жастар арасындағы жарыста 17 жастағы Әмір Омарханов жақсы өнер көрсетіп жатыр. Тұсаукесер кездесуінде ол АҚШ ойыншысы Матис Фарзамамен шеберлік байқасты. Қос дарынның арасындағы бәсеке өте шиеленісті өтіп, екі сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Екеуі де 7:6, 7:6 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Екінші кезеңде корт қожайыны Имерали Ибраимимен күш сынасып, бұл ойында да асығы алшысынан түсті – 6:4, 6:3. Үшінші кезеңде Әмір швециялық Вилльям Рейчман Винцигуеррамен кездеседі.

Заңғар Нұрланұлы да Мельбурндегі доданы сәтті бастады. Алғашқы айнылымда ол аустралиялық Николас Бейкерден айласын асырды – 6:2, 3:6, 6:3. Бір ғажабы, Заңғар бірде-бір рет жасыл құрлық өкілдерінен жеңілмеген екен. Бұл жолы да дәл солай болды. Заңғар енді болгариялық Александр Васильевпен ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше