
Фото: primeminister.kz
Ақорда 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жолы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын маңызды жиында баяндама жасайтын шенділерді жария етті.
«Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды», делінген хабарламада.