
Fox News мәліметі бойынша, құжатта көрсетілген 1,5 миллион заңсыз иммигранттың ішінен 369 Қазақстан азаматы, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының 337 азаматынан елден шығарылады. Тізімде Қазақстанмен көршілес мемлекеттер – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және Қытайдың азаматтары бар.
Иммиграция және кедендік бақылау қызметі бұл тізімге депортациялау туралы түпкілікті шешім шығарылған заңсыз иммигранттар кіргенін нақтылады.
Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі осы елдің аумағындағы қазақстандықтарды көші-қон саясатының қатаңдайтыны туралы ескерткен еді.