Марапат • 01 Ақпан, 2025

Аламанның үздіктері анықталды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық спорт қауым­дастығы ұйым­дас­тырған «ALAMAN» ха­лық­аралық медиа бай­қауында әріптесіміз, «Әлеу­мет және спорт» бөлімінің тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлы топ жарды.

Аламанның үздіктері анықталды

Байқауға 200-ден астам материал түскен. 7 аталым бойын­ша үздік үміткерлер анықтал­ған. Оның ішінде теле­визия, радио саласында «Үздік бағдар­лама», дәстүрлі баспасөз бағытында «Үздік аналитикалық материал», сосын «Үздік танымдық материал», «Үздік сұхбат», «Үздік фотосурет», «Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал», «Әлеуметтік желідегі үздік материал» сынды аталымдар бар. Жұмыстарды Пар­ламент Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының пре­зиденті Бибігүл Жексенбай, Парламент мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев, Жанарбек Әшімжан, Максим Рожин, Сыртқы істер министрлігі Қо­ғам­дық дипломатия басқар­масының басшысы Ілияс Ома­ров сынды қазылар құрамы қарап, сараптаған.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында Ұлттық спорт қауымдастығының прези­денті Исламбек Салжанов ұлт­тық спортты насихаттауға БАҚ өкілдерінің қосқан үлесі зор екенін айтып, жүлдегерлерді құттықтады.

«Ұлттық спорт түрлері осы күнге дейін қарқынды дамып келеді. Қауымдастық екі жылда құндылықтарды ұлықтау ісінде аянып қалған жоқ. Түрлі республикалық және халықаралық жарыс­тар мен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары ұлттық спорттың абыройын одан әрі биіктете түсті. Осы орайда халыққа ақпарат таратып, ұлттық спорттың қыр-сырын насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын», деді И.Салжанов.

Сонымен «Үздік анали­ти­калық материал» аталымында «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Қуаныш Нұрданбек­­­­ұлы бірінші орынды жеңіп ал­­ды. Әріптесіміз байқауға «Дүние­­­­ге естіледі дүбірі» атты мақа­ла­­­сын ұсыныпты. Бұл аталымда ­«Наш Кос­та­най» газетінің тіл­­­шісі Асхат Абул-Кадырұлы екін­­ші орын еншілесе, «AIQYN» ­қо­ғамдық-саяси газетінің ­тіл­шісі Наурызбек Саршаев үшінші орын алды.

Толықтыра кетсек, байқау­дың өз деңгейінде өтуіне Бас редакторлар клубы мен Ұлттық медиа қауымдастығы қолдау көрсеткен. Үздіктердің арасынан қара үзіп, 1-орын иеленгендер – 1 000 000 теңге, 2-орын алғандар – 700 000 мың теңге, 3-орын жеңіп ал­ған­дар – 500 000 мың теңге қаржылай сыйақымен қоса «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының тұғырын алды. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03