Оқиға • 03 Ақпан, 2025

Сегіз су қоймасы мемлекетке қайтарылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 8 су қоймасы мемлекеттің меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сегіз су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Фото: freepik.com

Бас прокуратураның хабарлауынша, қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталған. Олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемей, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген.

«Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да кері әсер етуі мүмкін. Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден астам соманың мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35